Меню KDT
logo.png?_=1461843716
Бірыңғай мәдени білім беру порталы
ru / kz / en
Новости

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Мәжіліс залында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының 60 жылдық және теартдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хүсейін Әмір-Темір мен театрдың бас суретшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахановтің 75 жылдық мерейтойына орай кездесу өтті. 
Кездесуге университеттің оқытушы-профессорлары мен магистранттары және докторанттары қатысты. Жиынның ашылуында сөз алған университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов: «Жан-дүниесі бай, рухани әлемі таза ұрпақ тәрбиелеуде адам жанының айнымас серігі өнер әлемінің орны ерекше. Бұл тұрғыда шығармашыл тұлғалардың тағылымын зерделеп, олармен үнемі  ой бөлісіп, пікір алысып отыруымыз қажет. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты осы. Біздің басты міндеттеріміздің бірі - Сіздердің болашақ ізбасарларыңыз - шығармашыл жастарды бәсекеге қабілетті маман етіп дайындау. Бұл өз кезегінде теория мен тәжірибенің ұштаса жүруін қажет етеді. Осы себептен де облысымыздағы шығармашылық Одақтары, өнер иелерімен бірлесе жұмыс жүргізу уақыт талабы», - деп атап өтті. 
Кездесуде Хүсейін Әмір-Темір әрбір қойылымдағы режиссер жұмысының көрініс табуы, режиссерлік шешім, драматургтермен бірлесе жұмыс жасау жолдары сынды мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, «актерге бір-екі рөлді ойнадым деп тоқмейілсуге болмайды, шығармашылық адамы ұдайы ізденіс үстінде болуы тиіс. Шығармашылықтан алыста жүріп әртіс боламын деу құр бекершілік», - деді өз сөзінде. 
Университеттің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова, музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Болат Оспанов сөз сөйлеп, Сыр өңіріндегі жібі үзілмей ұрапқтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық өнерлерімізді сөз етті. 
Еліміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етер шоқтығы биік өнер туындыларын өмірге әкелген жерлестеріміз Хұсейін Әмір-Темір мен Серік Пірмахановқа қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты. Осылайша, кездесуге қатысушылар тағылымы мол жиыннан рухани азық алды. 
Жиын соңында өнер иелеріне «Қорқыт ата атындағы Алтын медаль» төсбелгісі табысталды. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение
Партнеры