Меню KDT
logo.png?_=1461843716
Бірыңғай мәдени білім беру порталы
ru / kz / en
Новости

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАС АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар ҰОС ардагерлерін Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. 
Қала әкімі мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, еліміздің бүгінгідей жетістікке жету жолындағы ардагерлеріміздің өлшеусіз еңбектеріне, елдің бірлігін бекемдеу мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты істеріне барша қала тұрғындары атынан алғысын білдірді. 
Өз кезегінде ардагерлер де соңғы жылдары қала көлемінде орын алып жатқан тың жаңалықтар мен оң өзгерістерге және халық игілігі үшін жасалынып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Қала әкімі Н. Нәлібаев ардагерлерге құттықтау хаттары мен арнайы сыйлықтарын табыстады.
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қалалық перзентханада болып Тұңғыш Президент күні мерекесінде дүниеге перзент алып келген жас аналарды қос қуаныштарымен құттықтады. 
Қала әкімі елміздің демографиялық өсуіне және жас мемлекетіміздің дамуына жас отбасылардың қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Бүгінгідей мерейлі мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерге сыйлықтарын үлестірген қала әкімі, бірқатарына туу туралы куәліктерін табыстаса, дүние есігін ашқанына енді ғана бір сағат толған сәбиге, ырымдап Нұрсұлтан деген есім берді. Жалпы Қызылорда қаласы бойынша бүгін 8 сәби дүниеге келген.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение
Партнеры