Меню KDT
logo.png?_=1461843716
Бірыңғай мәдени білім беру порталы
ru / kz / en
Новости

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЕРЕКШЕ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше көрме өткізді. Олар өздерінің қолынан шыққан қолөнер, тоқыма бұйымдары мен картиналарын қала тұрғындарына ұсынды. Бұл Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Бақытыма сенемін» шара аясында өткізіліп отыр.  
Облыста 27 мыңнан астам мүгедек жан бар. Осы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2013 жылы арнайы Жол картасы қабылданған. Жобаны жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерді ескермегенде, 3 жыл көлемінде 15 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдардың медициналық және әлеуметтік оңалту бағдарламасы 100 пайызға орындалды. 
Соңғы 2 жыл ішінде 1500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Аймақта жұмысқа жарамды мүгедектердің жұмысқа орналасуына ешқандай кедергі жоқ. 
Облыста 2 мыңға жуық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт нысандарына түгендеу шаралары жүргізілді. Соның бестен бір бөлігі ғана мүгедектер үшін бейімделген. Осы жұмыстарды атқару үшін тиісті орган басшыларына тапсырмалар жүктеліп, облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.   
Айта кетейік, қозғалуы қиындық тудыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қызылордада «Әлеуметтік такси» қызмет көрсетеді. Осы мақсатта биыл бюджеттен 17 млн. теңге бөлінді. Соның арқасында әлеуметтік такси қызметі облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылуда. Бүгінгі шарада да облыс әкімі Қ.Көшербаев Оңалту орталығына бір әлеуметтік таксидің кілтін табыстады. 
- Қазақ жетімін жылатпаған, кемтарын кемсітпеген текті жұрт. Дегенмен, екі аяқты пенденің Жасаған иемізден кемтарлық пен мүгедектікті сұрап алмайтыны шындық. Елбасының тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалған емес. Алдағы уақытта да оларға қолдау көрсетілетін болады. Бұл біздің азаматтық парызымыз деп білемін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Шара барысында облыс әкімі бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Кеш соңында өнерпаздар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірлесіп, мерекелік концерт қойды. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение
Партнеры